{metadescription}
Зейнеткер терезеден құлаған баланы қағып алды

Зейнеткер терезеден құлаған баланы қағып алды

Ресейдің Новокузнецк қаласында зейнеткер терезеден құлап кеткен баланы қағып алды.

Осы оқиға бейнебақылау камерасына жазылды. Кемеров облыстық ішкі істер басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, бір жарым жасар бүлдіршінді құтқарған әйел баланы ата-анасына беріп, кетіп қалған. Оқиға орнына барған инспекторлар жағдайдың мән-жайын анықтады. Баланың әке-шешесі үй шаруасын істеп жүріп, бүлдіршіннің терезеге қалай шығып кеткенін байқамай қалған. Даладан біреудің айқайлаған даусын естіді. Терезеден қараса, егде жастағы әйел кішкентай баланы қолында ұстап тұр.

Дәрігерлер бүлдіршіннің денесінде болар-болмас жарақат іздері бар екенін айтып отыр. Ал полицейлер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы зейнеткерді іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары құтқарушыны тапты.

64 жастағы Светлана Санарова ол күні дүкеннен келе жатқан. Ал терезеден тұрған баланы көрген бойда пакеттерін тастап, көпқабатты үйге қарай жүгірді. Қолын созып, екінші қабаттан құлаған баланы қағып алды. Ішкі істер министрлігінің Новокузнецк қалалық басқармасы және қоғамдық кеңес мүшелері батыр зейнеткермен кездесіп, алғыс айтуды жоспарлап отыр.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде