{metadescription}
Дауылдан зардап шеккен Степноргорск ауылдарында ТЖ режимі енгізілмек

Дауылдан зардап шеккен Степноргорск ауылдарында ТЖ режимі енгізілмек

Степноргорск қаласының қатты дауылдан зардап шеккен Изобильный және Бестөбе ауылдарында төтенше жағдай режимі енгізілмек.

Степногорск қаласы әкімінің баспасөз қызметі қала әкімдігінің келісім күтіп отырғанын мәлімдеді.

«Құжаттар Министрлікте келісілуде. Сол себепті төтенше жағдай ресми түрде әлі жарияланбады», - деді Степногорск қаласы әкімінің кеңесшісі Ұлболсын Молдахметова.

Ресми деректер бойынша дауылды желдің салдарынан екі ауылда 38 үй мен әлеуметтік нысанның шатыры қирап, олардың алтауы қатты зақымданған. Одан бөлек, Изобильный және Подхоз ауылдарының тұрғындары желдің трансформаторды зақымдауы мен электр беру желілерінің 40 тірегін құлатуы салдарынан электр жарығысыз қалып отыр. Төтенше жағдайдың енгізілуі адамдарға дауыл салдарынан келтірілген шығындарды қайтаруға көмектесетіні аталып өтілді.

«Егер төтенше жағдай енгізсек, зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсете аламыз. Оларға 40 АЕК көлемінде көмек қарастырылады», - деп қорытты Ұ. Молдахметова.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде