{metadescription}
«Қазақстан мұғалімі»: Жеңімпазға ақшалай сыйақы беріледі

«Қазақстан мұғалімі»: Жеңімпазға ақшалай сыйақы беріледі

Жобаның мақсаты – педагогтардың мәртебесін көтеру, оларды қолдау, сондай-ақ отандық мұғалімдерімізді әлем деңгейіне шығару.

«Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығы – мұғалімдерге арналған Нобель сыйлығының баламасы. Жүлде қоры – 1 млн доллар. 2019 жылы «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту» қорының құрылтайшысы Әлия Нұрсұлтанқызының бастамасы бойынша осы жаһандық конкурсты ұйымдастырушы Varkey қорымен меморандумға қол қойылған болатын. Соның аясында «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығын іске асыру бастамасы көтерілген еді», - деп бастады қор жетекшісі.

Сыйлыққа қатысуға өтініштерді қабылдау сәуір айынан бастап, 15 тамызға дейін жалғасады.

«Біздің мұғалімдеріміз әлемдік сыйлыққа қатысып, әлемде танымал болуға лайық деп есептейміз. Елімізде «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Жобаның басты ерекшелігі, оған кез келген мұғалім өз бетімен қатыса алады. Яғни білім беру мекемесі басшылығының, білім беру бөлімдері мен басқармаларының ұсынымы талап етілмейді. Байқау кезінде мұғалімдердің мектептегі кәсіби біліктілігінен бөлек қоғамдық өмірдегі белсенділігі, бет-бейнесі де ескеріледі», - деп атап өтті Мәжитов.

 Ақтық сынға 10 үздік ұстаз іріктеліп, 24 қыркүйекте Алматы қаласындағы марапаттау шарасына шақырылады. Олардың бәрі «Әлем мұғалімі-2022» сыйлығына қатысатын номинант атанады.

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының амбассадоры, жеңімпаз «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту» қорының құрылайтышысынан 10 мың доллар көлемінде сыйлық алады. Ақтық сынға шыққан қалған 9 мұғалім бағалы сыйлықтарман марапатталады», - деді қордың директоры.

Еске сала кетейік, конкурсқа қатысуға өтінімді www.teacherprize.kz сайты арқылы беруге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде