{metadescription}
Қарағанды облысында ірі дала өрті сөндірілді

Қарағанды облысында ірі дала өрті сөндірілді

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дала өрті сөндірілді.

Екі тәулік ішінде өрт сөндірушілер жалынмен күресіп, оны тоқтатты.

«Қарағанды облысында 29 шілдеде күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, өрт қаупі сақталады. Облыс тұрғындары мен қонақтарын қауіпті кезеңде ормандар мен далаларда отты пайдалану кезінде ерекше сақ болуды сұраймыз», – деді облыстық ТЖД қарағандылықтарға.

Естеріңізге сала кетейік құрғақ шөп 25 шілде күні жанды. Құтқарушылар Қарағанды облысының Ұлытау ауданында аумағы 4 000 га құраған табиғи өртті сөндіруге қатысты.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдарының, орман шаруашылығының күш-құралымдары, өртке қарсы ерікті құрылымдар және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Олардың жалпы саны- 229 адам мен 66 техника.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.