{metadescription}
ШҚО-да жол апатынан 2 адам жарақат алып, біреуі көз жұмды

ШҚО-да жол апатынан 2 адам жарақат алып, біреуі көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Семей» тасжолында екі көлік соқтығысты.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Өскемен-Семей» тасжолының 20-шы шақырымында «Nissan Almera» автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі алдындағы көлікті басып озу үшін қарсы бағытқа шыққан. Маневр жасау кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбегендіктің салдарынан ол қарсы бағытта келе жатқан «Audi маркілі көлігімен соқтығысты. Жол апатына кінәлі ер адамның көлігі жыраға құлап, аударылып түскен.

«Nissan Almera көлігінің 46 жастағы жолаушысы оқиға орнында жантәсілім етті. Ал түрлі жарақат алған жүргізуші мен екінші жолаушы Өскемендегі ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.