{metadescription}
Қарағанды облысында молда оқушыны зорлап, жүкті қылған

Қарағанды облысында молда оқушыны зорлап, жүкті қылған

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 14 жастағы қызды зорлады деп айып тағылған 40 жастағы ер адамға қатысты сот отырысын өткізді.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сотталушы облыс аудандарының біріндегі ауылдық мешітте молда болған. Ер адам зардап шеккен қыздың ата-анасына арасында үй шаруасына көмектесіп тұрған. 2020 жылдың қаңтарында дін қызметкері 14 жастағы жәбірленуші үйде жалғыз болғанын пайдаланып, зорлаған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындысы және басқа материалдармен дәлелденді. Сотталушының үш мәрте қыздың еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскені анықталды. Зорлық-зомбылық былтыр ақпан, наурыз және маусым айларында болған. Зорлау нәтижесінде қыз жүкті болды.

«Сотталушының кінәсі дәлелденді. Сотта жәбірленушіден, оның заңды өкілдерінен, куәлардан жауап алынды, жүргізілген сараптамалардың нәтижелері және іс бойынша жиналған дәлелдемелер зерттелді. Прокурор ҚР ҚК-ның 120-бабы 4-бөлігі ("Жас баланы зорлау") бойынша сотталушыны кінәлі деп тануды және 20 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап прокурордың талапына келісімін білдірді», - деді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, ол өмір бойы педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сотталушының өзі кінәсін ішінара мойындады. Оның адвокаты жазаны жеңілдетуге тырысты.

«Сот үкім шығарған кезде сотталушының бала кезінен үшінші топтағы мүгедек екендігін, бұрын сотталмағанын, өз кінәсін ішінара мойындағанын ескерілді. Сондай-ақ, жәбірленуші тараптың пікірі ескерілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ», - деп толықтырды сот.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.