{metadescription}
Жезқазғанда көлік қаққан зейнеткер бірнеше метрге ұшып түсті

Жезқазғанда көлік қаққан зейнеткер бірнеше метрге ұшып түсті

Жезқазғанда Nissan Patrol жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 67 жасар кейуананы қағып кетті.

Жол талғамайтын көлік қаққан әйел бірнеше метрге ұшып түскен. Оқиға видеоға жазылып қалған. Кадрдан қарт әйелдің жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқаны көрінеді. Зардап шеккен әйел басын бір көтереді де, қайтадан сылқ ете түседі. Жүргізуші көліктен шығып, жәбірленушіге көмектесуге тырысады.

«Науқас реанимацияда. Ауыр аралас полижарақат, қабырғаның сынуы, жамбас сынуы, кеуде жарақаты тіркелген. Жағдайы тұрақты ауыр», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қарағанды облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, жол апаты 27 шілде күні таңғы сағат 09.32-де Жезқазған қаласында Сейфуллин- Аманжолов көшесінде болған. Қазіргі кезде тиісті сараптамалар тағайындалды. Желі қолданушылары жүргізушінің көз алдындағы әйелді көрмегеніне таңғалып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде