{metadescription}
12-15 жасар жасөспірімдерге вакцина салына бастайды

12-15 жасар жасөспірімдерге вакцина салына бастайды

Ирландияда келесі аптадан бастап 12-15 жастағы жасөспірімдер коронавирусқа қарсы вакцина алуы мүмкін.

Айта кетейік, Ирландия вакцинация қарқыны бойынша Еуропада көш бастап тұрған елдер қатарында. Мұнда халықтың 70%-дан астамы толығымен вакциналанса, 84%-дан астамы екпенің бір дозасын салдырған. Елдің сыртқы істер министрі Саймон Ковнидің айтуынша, Ирландия үкіметі қыркүйек айының бірінші жартысында 12-15 жастағы жасөспірімдерді толығымен вакциналауды жоспарлап отыр.

12-15 жастағы 250000 жасөспірімді иммундау келесі аптада басталып, жаңа оқу жылының басына дейін аяқталады. Премьер-министр Михол Мартин айтқандай, демалыс күндері алғаш рет 12-15 жастағы жасөспірімдер вакцинациясын белсенді түрде жүргізу үшін екпе орталықтары ашылады.

Елде коронавирус жұқтырудың 294272 жағдайы тіркелді. Вирустан 5026 адам көз жұмған. Дүйсенбіден бастап елде жабық мейрамханалар жұмысын қайта бастады. Олар толық вакцинацияланғандарды немесе соңғы алты айда коронавируспен ауырып шыққандарды ғана қабылдайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде