{metadescription}
 Анталиядағы курорттардың бірінде орман өрті өршіп тұр

Анталиядағы курорттардың бірінде орман өрті өршіп тұр

Анталия провинциясындағы Манавгат курортты қаласында сәрсенбіде орман өртенді.

Ормандағы өртті сөндіруге 12 провинциядан жіберілген 19 тікұшақ, 103 өрт сөндіру машинасы, 6 бульдозер, 1 ұшақ және 412 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Қою түтіннен 53 адам зардап шеккен. Жалынның тез таралуына қатты жел ықпал етті.

Манавгатқа жақын орман аймағында шыққан өрт маңындағы елді мекендерге тарады. Өрт салдарынан кейбір үйлерді жалын шарпыған, жануарлар қырылды. Жағдайды бақылау үшін өңірге ауыл және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирли келді. Өрт жайылу қаупі бар 4 ауданның тұрғындары эвакуацияланды.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде