{metadescription}
Қарағандыда тұрғындар ЛГБТ өкілдерін қаладан қуып шықпақ болды

Қарағандыда тұрғындар ЛГБТ өкілдерін қаладан қуып шықпақ болды

Қарағандылық полицейлердің жедел әрекеті жағдайдың шиеленісуіне жол бермеді. 

28 шілдеде ЛГБТ қоғамдастығының өкілдері тренинг өткізу үшін Қарағандыға келді. Наразылық танытқан қала тұрғындары қозғалыс белсенділері жалға алған Абай көшесі, 8 үй мекенжайындағы бизнес орталығы ғимаратының жанына жиналды.

Қала тұрғындары жоспарланған шаралардың күшін жоюды талап етті. Оқиға резонанстық сипатқа ие болып, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Жағдайдың ушығуына жол бермеу үшін тәртіп сақшылары шеп құрып, келушілерді ғимараттан шығарып, қауіпсіз жерге шығарып салды, деп хабарлады Polisia.kz. Қазір қозғалыс белсенділері Қарағанды облысынан кетіп қалды. 

Айта кету керек, оқиға орнында қоғамдық тәртіпті бұзуға және тәртіпсіздіктерге жол берілмеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

22 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.