{metadescription}
Mейрамханада даяшыны ұрып жіберген ер азамат видеоға түсіп қалды

Mейрамханада даяшыны ұрып жіберген ер азамат видеоға түсіп қалды

Қазақстандық мейрамханалардың бірінде даяшының бетінен ұрып жіберген азаматтың әрекеті желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Әлемеуметтік желілерде таралған бейнежазбада даяшының қонақтың үстіне абайсызда сусын төгіп алғаны көрінеді. Алайда бұған ашуланған ер азамат мейрамхана қызметкерінің бетінен ұрып жібереді. Оның бұл әрекетін көрген достары даяшыны қорғауға асықпайды. Бұл видео желі қолданушыларының наразылығын тудырды. 

“Неге полиция шақырмаған? Мұндай тек Қазақстанда ғана орын алуы мүмкін. Біздікілер таяқ жеп тұрып, үндемей кетіп қалады. Өркениетті елдерде полиция шақыртып, қолын кісендетіп алып кетер еді”, – деп жазады желі қолданушысы. 

“Құдды бір бетіне әдейі төгіп жібергендей ашуланғаны несі?  Неліктен мейрамхана әкімшілігі полицияға хабар бермеген?”, – дейді тағы бірі. 

“Санасыз! Осындай кезде, тәрбиенің бар, жоғы көрінеді. Өмір алма-кезек”, – дейді тағы бір қазақстандық. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде