{metadescription}
Ақтөбе облысында карантин күшейтіледі

Ақтөбе облысында карантин күшейтіледі

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы 2021 жылдың 2 тамызында сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

«Азық-түлік, мал және азық-түлік емес ашық базарлар, жабық базарлар, монша, сауна, СПА-орталықтар мен бассейн, жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес клубы, соның ішінде йога орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері, діни объектілер, мейрамхана, дәмхана және кофехана типті қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, асхана, ашық аспан астындағы аквапарктер сенбі-жексенбі күндері жұмыс істемейді. Сонымен бірге жексенбі күні азық-түлік емес тауарлардың барлық түрін сататын дүкендер жабылады. Қоғамдық көлік бұған дейін де жексенбі күні жүрмеген», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Ал «Ashyq» жобасымен жұмыс істейтін қызмет көрсету орындарында жұмыс уақыты шектелді. Мәселен, дәмханалар 07:00-20:00 аралығында қызмет көрсете алады. «Лидер» мәртебесін алған кәсіпкерлер 07:00-22:00-ге дейін бизнесін жүргізуге рұқсат алды. Жағажайлар әлі де жабық. Жұмыс күндері базарлар 09:00-17:00 аралығында жұмыс істейді. Талап бойынша екінші деңгейлі банк, ХҚКО, пошта жұмыс күндері 09:00-18:00 аралығында ғана ашық болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде