{metadescription}
Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

Әбілхан Аманқұл Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. 

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Аманқұл өзбекстандық Фанат Қахромоновпен кездескен болатын. Тартысты жекпек-жектің бірінші раундында төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берді. Алайда екінші раунда тез жиналған Әбілхан қарсыласын нокдаунға жіберіп, кездесу жеңімпазы атанды. 

Нәтижесінде, төрешілер қазақстандық боксшының жеңісін мойындап, Аманқұл келесі айналымға өтті, деп жазады Olympic.kz. Ширек финалда Әбілхан Аманқұл Бразилия елінің өкілі Эберт Консейса Соузамен қолғап түйістіреді. Кездесу 1 тамызға жоспарланған. 

Айта кетелік, бұған дейін төрт қазақстандық спортшы Токио Олимпиадасын мерзімінен бұрын аяқтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде