{metadescription}
Алматыда карантинге қатысты жаңа қаулы шығады

Алматыда карантинге қатысты жаңа қаулы шығады

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалаға арналған жаңа қаулы дайындалып жатқанын айтты.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте санитарлық дәрігер жақын арада Алматыда жаңа қаулы шығатынын айтты. Ол 2-16 тамыз аралығына арналады. Құжаттың соңғы нұсқасымен алматылықтар ертең кешке, 30 шілдеде таныса алады.

"Осы құжат бойынша көп ұстанымды кәсіпкерлер қауымдастығы, "Атамекен" ҰКП, кәсіпкерлік басқармасымен талқыладық. Бағытты талқыладық. Бірақ  түпкілікті ұсыныстар мен талаптарды күтеміз. Әсіресе, Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істемейтін нысандардың қызметін шектеуіміз керек", - деді Бекшин.

Ол 2 тамыздан бастап Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істемейтін кейбір нысан қызметін тоқтататынын айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде