{metadescription}
Бекшин коронавирустың төртінші толқыны туралы мәлімдеме жасады

Бекшин коронавирустың төртінші толқыны туралы мәлімдеме жасады

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирусқа байланысты жағдай күрделеніп бара жатқанын айтты. 

"Пандемия басталғалы Алматы үш толқыннан өтті. Бүгінде төртінші толқынға өтіп бара жатырмыз. Төртінші толқын басталғандықтан қаладағы эпидахуал күрделеніп бара жатыр. Алдыңғы аптамен салыстырғанда кейінгі аптада жағдайлардың тіркелуі 1,4 есеге көбейді. Оның алдында 5 790 жағдай тіркелсе, кейінгі аптада 8 393 жағдай тіркелген", - деді Бекшин ӨКҚ брифингінде. 

23 шілдеден бастап індет жұқтырғандар саны күніне мың адамнан асты. Өткен тәулікте 1 470 адамға жетті.
Бекшиннің сөзінше, тамызда төртінші толқын шарықтап, қыркүйектің басында ауру жұқтырғандар саны азаяды.

"Қазір бар күшімізді халықты вакциналауға арнап жатырмыз. Қалада вакцинаның бірінші компонентін екпе алуға рұқсат берілген тұрғындардың 35,2%-і салдырды. Қазір иммундық қабат 34%-ті құрайды", - деді Бекшин.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде