{metadescription}
ТОКИО-2020: Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті

ТОКИО-2020: Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті

Бокс құрама командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев 8/1 финалдағы қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Жапония астанасындағы Олимпиада ойындарында +91 келіде жұдырықтасатын Қамшыбек Қоңқабаев турнирдегі алғашқы кездесуін сәтті аяқтады. Ол 1/8 айналымда Египет елінің өкілі Есри Мұстафамен кездескен болатын.

Аса ауыр салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз қарсыласынан үш раундта да басым болды. Нәтижесінде, төрешілер бірауыздан жеңісті Қоңқабаевқа берді.

Қазақстандық боксшының ширек финалдағы қарсыласы Ресей олимпиадалық командасының өкілі Иван Верясов болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде