{metadescription}
Дәрігер COVID-тен жазылғаннан кейін қалай тамақтану керектігін айтты

Дәрігер COVID-тен жазылғаннан кейін қалай тамақтану керектігін айтты

Диета коронавирус инфекциясынан кейін ағзаны тез қалпына келтіруге көмектеседі.

Ресейлік эндокринолог дәрігер Юргита Вараеваның айтуынша, әркелкі тамақтану COVID-19 індетінен кейін қалыпқа келу процесінде маңызды рөл атқарады. Тағамның калориясы өте жоғары болғаны жөн: тәулігіне дене салмағының килограмына 20-30 килокалория қажет. Сондай-ақ, маманның айтуынша, бұлшықеттің семуімен күресу үшін рационда ақуыз жеткілікті мөлшерде болуы қажет.

"Рационға бүйректің жай-күйін ескере отырып, бұлшықет тіндерінің семуімен күресу үшін дене салмағының килограмына 1,2-ден екі грамға дейін ақуыз қосу керек. Сүт, ашымал сүт өнімдері, йогурт, сүзбе, балық, жұмыртқа, құс еті, ет  (шұжық өнімдері мен сосиска кірмейді), бұршақ, үрмебұршақ (фасоль), соя өнімдерімен күніне кем дегенде үш-төрт порция мөлшерінде тамақтанған жөн", - деді Вараева Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Адамның рационы неғұрлым әркелкі болған сайын, соғұрлым көп қажетті қоректік заттарды ала алады, деп толықтырды дәрігер.

"Соның ішінде маусымдық жемістер мен көкөністерге назар аударған жөн, күн сайын кем дегенде бес порция (бір порцияға шамамен 80 грамм) тұтыну қажет", - деді Вараева.

Дәрігер сонымен қатар тұрақты түрде тамақтану керектігін атап өтті.

"Кем дегенде үш рет толық тамақтанып, бір-үш рет жүрек жалғап алу маңызды. Орташа мөлшерде, бірақ жиі және тұрақты тамақтанған дұрыс", - деп кеңес берді сарапшы.

Әрине, дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары ешқашан өзгермейді: түнде ас ішпеңіз, соңғы рет ұйқыға жатарға дейін екі-төрт сағат бұрын тамақтанған жөн.  

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде