{metadescription}
ШҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен ер адам табылды

ШҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен ер адам табылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалып кеткен Өскемен қаласының тұрғынын тауып алды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Үлбі өзенінде суға батып бара жатқан ер адамды байқап қалып, бірден көмекке ұмтылған. Оны судан алып шыққан соң, аты-жөнін сұрады. Сол кезде азамат өзінің адасып кетіп, үйіне қайта алмай жүргендігін жеткізген.

«Анықталғандай, Александр Гурбанов 16 шілдеде жұмысқа кетіп, сол күйі үйіне қайтып оралмаған. 3 күннен кейін оның әйелі полицияға жүгініп, күйеуінің хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілгенімен оны табу мүмкін болмаған еді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ер адам өз кезегінде өмірін ажалдан арашалап қалған полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.