{metadescription}
Коронавирус пен пневмониядан 100-ден астам адам көз жұмды

Коронавирус пен пневмониядан 100-ден астам адам көз жұмды

Коронавируске қарсы ем қабылдап жатқан 1 639 адамның жағдайы ауыр екені хабарланып отыр.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 80, ковидтік пневмониядан 21 адам қайтыс болды. 30 шілдедегі мәлімет бойынша, 93 580 адам коронавирус инфекциясынан (–91 133 + және 2 447 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 26 408 пациент стационарда, 67 172 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлгінің баспасөз қызметі.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 639 адамның жағдайы ауыр;
  • 345 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 180 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Осыдан бір күн бұрын 97 адам қайтыс болғаны хабарланған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде