{metadescription}
Үнді штамы: эпидемиолог аурудың ұзаққа созылатынын ескертті

Үнді штамы: эпидемиолог аурудың ұзаққа созылатынын ескертті

Ауру ұзақтығы ұлғайып, инкубациялық кезең, керісінше, қысқарған.

Коронавирустың "дельта" штамы бойынша ауру ұзақтығы ұлғайып, инкубациялық кезең, керісінше, қысқарды. Бұл туралы РҒА корреспондент-мүшесі, Роспотребнадзор ОҒЗЭИ директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Александр Горелов мәлімдеді.

"Шынымен де, дельта штамының генотипі вирустың жылдам таралуымен және аурудың ауыр формасымен ерекшеленеді. Жаңа штамм инкубациялық кезеңнің мерзіміне кейбір түзетулер енгізді – ол қысқарып, ал ауру ұзақтығы, керісінше, ұлғайып отыр. Өйткені коронавирус ауыр түрде өтеді", - деді Горелов.

Бұл ретте аурудың ауырлығы көп жағдайда иммунитеттің вируспен кездескендегі жай-күйіне байланысты болады, деді дәрігер. Сондай-ақ Горелов аурудан қорғану үшін COVID-19-ға қарсы вакцина алудың маңыздылығын атап өтті.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.