{metadescription}
Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды

Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді. Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді», - делінген хабарламада.

Қалмұханбет Қасымовтың Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылғаны туралы Мемлекет басшысының Жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.