{metadescription}
Түркістан облысында ер адам банкоматтың экранын сындырды

Түркістан облысында ер адам банкоматтың экранын сындырды

Оқыс оқиға түнде Абай ауылында болған.

«Тәртіп сақшылары қауіпсіздік камераларын қарап шықты. Екі күн бойы жедел қызметкерлер жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Олар оннан астам көлікті тексеріп, нәтижесінде күдіктінің ізіне түсті», - деп атап өтті облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері бұзақыны тұрғылықты жерінен ұстады.

«Белгілі болғандай, күдікті түнде банкоматқа ақша алу үшін келген. Бірақ банкомат оның банк картасын қабылдамай қойған, бұған қатты ашуланған ер адам банкоматтың экранын жұдырығымен бір қойған. Содан кейін ол қылмыс орнынан тайып тұрған», - делінген хабарламада.

Дереккөз: polisia.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.