{metadescription}
Павлодарда әйел үш баласын өлтіріп, артынша өзіне қол салды

Павлодарда әйел үш баласын өлтіріп, артынша өзіне қол салды

Қылмыстық істі тоқтатқан павлодарлық полицейлер осындай қорытындыға келді.

Павлодар полициясы бүтін бір отбасының өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-тармағы бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу жиналған айғақтарды ескеріп, қылмысты кішкентай балалардың анасы жасағанын анықтады. 2021 жылдың 9 маусымында ҚІЖК 35-бабы 1-тармағы 11-тармақшасы негізінде қылмыстық іс тоқтатылды", - делінген құқық қорғау ведомствосы жариялаған баспасөз хабарламасында.

Трагедия былтыр 9 қарашада болды. Полицияға Айманов көшесінде тұратын ер адамнан үйінде төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті.

"Үйіне келген пәтер иесі есікті аша алмаған, өйткені ол іштен жабулы тұрыпты. Ер адам көршілерінен шарқайрақ сұрап, есікті ашқан. Пәтерге кіргенде, бөлмелердің бірінен әйелі мен үш кішкентай баласының денесін тапқан",- деді Павлодар облысының полиция басшысы Нұрлан Мәсімов.

Көз жұмғандардың бәрінде күштеп өлтіру белгілері болған. Балалардың үлкені 7 жаста, кенжесі үш жаста еді. Ерлі-зайыпты бірге тұрған. Полицияны әйелдің күйеуі шақырды, деп жазады sputnik.

Осыдан кейін полиция "Кішкентай баланы өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Сол кездің өзінде тәртіп сақшылары анасы өз балаларын өлтіріп, артынша өзіне қол салды деген болжамға келді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.