{metadescription}
Ақтауда пышақпен қаруланған қарақшылар лотерея клубына шабуыл жасады

Ақтауда пышақпен қаруланған қарақшылар лотерея клубына шабуыл жасады

Қарақшылар мекемеден бір миллионнан астам теңге алып кетті.

Оқиға 5 шағын аудандағы «Loto Club» лотерея клубында болған. Ол жерге екі ер адам кіріп келіп, қомақты қаржыны қолды қылған.

«Қаскүнемдер күзетші мен кассирші қызды пышақпен қорқытқан. Осылайша, кассадан 1 миллион 150 мың теңге ұрлап, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ұсталғандарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді»,-делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.