{metadescription}
Токио-2020: Ольга Рыпакова финалдан тыс қалды

Токио-2020: Ольга Рыпакова финалдан тыс қалды

Токио Олимпиадасында үш қарғып секіруде қазақстандық Ольга Рыпакова финалдан тыс қалды.

Бүгін Олимпиадада жеңіл атлетика сайысы басталды. Онда әйелдер арасында елімізден Ольга Рыпакова, Ирина Эктова мен Мария Овчинникова жарыс жолына шықты. Алғашқы сайысында О. Рыпакованың көрсеткіші 13.66 болды. Одан кейін аталған көрсеткіш 13.69-ге жетті. Бұл – биылғы маусымдағы оның жоғары көрсеткіші.

Ал үшіншісінде өз көрсеткішін төмендетіп алды. Осылайша О. Рыпакова финалға өткен 12 спортшының қатарына ене алған жоқ. Ирина Эктова мен Мария Овчинникова да жүлдеге таласатын тізімнен тыс қалды. Аталған сайыс түрінен финал 1 тамызға белгіленген.

Ольга Рыпакова бұған дейінгі үш Олимпиадада да жүлдегерлер қатарынан көрінді. 2008 жылы күміс, 2012 жылы алтын, 2016 жылы қола жүлдегер атанды. Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Олимпиада бағдарламасына бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг секілді спорттың бес түрі енгізілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде