{metadescription}
Қарағанды тұрғыны балаларға азғындық жасап, оны видеоға түсірген

Қарағанды тұрғыны балаларға азғындық жасап, оны видеоға түсірген

Қарағандыда жас балаларға қатысты азғындық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасы «Интерпол» ҰОБ-ның көмегімен интернеттің TOR жабық жүйесінен белгісіз ер адамның жас ұл және қыз балаға қатысты азғындық әрекет жасағаны бейнеленген роликті тауып алды. Ол өзінің VKontakte желісіндегі парақшасына бейнероликте түсірілген жеткіншектерге ұқсас балалардың суретін салған.

Жедел қызметкерлер 13 жасар бала мен оның 11 жасар қарындасын тапты. Олардың жетім екені, Қарағандыдағы мектеп-интернаттардың бірінде тұратыны анықталды. Ағасы мен қарындасы оларды видеоға өткен жылдың соңында қайтыс болған анасының досы түсіргенін түсіндірді.

Зиянкес зардап шеккендермен өз әрекеттерін видеоға түсіріп, содан кейін порнографиялық мазмұндағы файлдарды интернетке жариялаған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Күдікті 53 жастағы ер адам ұсталды. Заттай дәлелдемелер алынды. ҚР ҚК 124-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамалды. Басқа да ықтимал жәбірленушілерді анықтау бойынша іс-шаралар жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.