{metadescription}
Нұр-Сұлтанда екі оқушы үш күннен бері табылмай жатыр

Нұр-Сұлтанда екі оқушы үш күннен бері табылмай жатыр

Жоғалған балаларды іздеуге еріктілер қосылды.

Адамдар әлеуметтік желіде ақпарат таратып, куәгерлерді іздестіруде. Нұр-Сұлтанда полицейлер екі ұл баланы үш күннен бері іздеп жатыр. Елорда полиция департаментінің хабарлауынша, тәртіп сақшыларына балалардың жоғалып кеткені туралы ақпарат 28 шілдеде сағат 22:50 -де түскен.  

"11 және 9 жастағы балалар Севастопольский тұйық көшесінде орналасқан үйдің ауласынан белгісіз бағытта шығып кеткен. Осы уақытқа дейін олардың қайда екені белгісіз. Анасы балалар жоғалған күннің ертеңінде полицияға хабар берген", - деп атап өтті елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаментінің жеке құрамы кәмелетке толмаған балалардың жүрген жерін анықтауға бағытталған іздеу және тексеру іс-шаралар кешенін қолға алды. Полицейлер еріктілермен бірге балалар жоғалған аумақта үйлерді, кіреберістерді, жертөлелерді, шатырларды, аулаларды, дүкендер мен кәріз құдықтарын тексеріп жатыр.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде