{metadescription}
Ақтөбеде мас ата-ананың екі айлық баласын алып кетті

Ақтөбеде мас ата-ананың екі айлық баласын алып кетті

Ақтөбеде ювеналды полиция инспекторы түні бойы мас ата-ана қараусыз қалдырған баланы бағумен болды.

Екі айлық қыз түнгі сағат үштен бастап полиция бөлімінде болған. Осы уақыт ішінде ювеналды полиция инспекторы Ұлан Ешанов сәбиге қараумен болды. Баланы дәріханадан алған қоспамен тамақтандырып, жөргегін ауыстырды. 

"Олар (қыздың ата-анасы) мас күйінде ұйықтап, баланың қатты жылағанына назар аудармаған", – дейді инспектор.

Полицияға жағдай туралы көршілері хабарлаған. Енді инспектордың айтуынша, сәбидің әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

"Оларды алдымен есепке аламыз. Содан кейін ата-ана құқығынан айыру бойынша құжаттар жиналады. Барлық материалдар сотқа жіберіледі", – деді Ұлан Ешанов.

Белгілі болғандай, баланың туу туралы куәлігі болмаған. Тіпті анасының жеке куәлігі де жоқ. Полицейлердің айтуынша, әйел алкоголь мен есірткі тұтынады. Жедел медициналық жәрдем дәрігері Райхан Қазиеваның айтуынша, баланың жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Болашақта толық тексеруді қажет етеді. Екі айлық қыз уақытша балалар үйіне орналастырылды. Онда ол ата-анасымен мәселе шешілгенге дейін қалады.

 

 

Дереккөз: Stan.kz      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде