{metadescription}
Шымкентте ене мен келін коронавирустан бір күнде қайтыс болды

Шымкентте ене мен келін коронавирустан бір күнде қайтыс болды

Шымкентте бір үйде тұратын екі әйел коронавирустан көз жұмды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Пазыловтың сөзінше, егде жастағы әжей той-томалаққа барып індет жұқтырған. Кейін үйіндегі аяғы ауыр келінінен де қауіпті індет анықталыпты. Емханаға екеуі де қиын жағдайда түскен, дейді қаланың бас дәрігері. Ақ халаттылар келіншектің баласын аман алып қалды, деп хабарлады Otyrar.kz.

"Енесі тойда коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскен. Артынша аяғы ауыр келіні ауруханаға жатқызылды. Екеуі де вакцина салдырмаған. 1 күнде қайтыс болады. Баласын аман алып қалдық", - дейді Бақытжан Пазылов.

Айта кетейік, өткен тәулікте Шымкентте 18 адам коронавирустан көз жұмды. Мамандар індеттен қайтыс болғандардың вирусты той-томалақтан жұқтырғанын айтады.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.