{metadescription}
Алматыда педофил 11 жастағы ұл баланы зорлаған

Алматыда педофил 11 жастағы ұл баланы зорлаған

Алматыда 11 жастағы ұл баланы зорлаған педофил 20 жылға сотталды.

Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың сөзінше, 25 жастағы азамат ұл баланы жыныстық қатынасқа екі рет тартқан. 

“Жәбірленушінің анасы кір жуып жүріп, ұлының ішкиіміне дақ түскенін байқаған. Бала түнде ұйықтағанда ер азаматтың азғындық жасағанын айтып берген. Белгілі болғандай, педофил әйелдің бірге тұрып жүрген жолдасының досы екен. Ол кейде жәбірленушінің үйіне түнеп жүрген. Ер азамат баламен бір бөлмеде ұйықтағанын пайдаланып, оны зорлаған”, – деді ПД өкілі. 

Айтуынша, күдікті баламен телефонмен ойын ойнайық деп, оны бірге жатып ұйықтауға көндіреді екен. Осылайша, ер адам балаға қатысты азғындық әрекеттерін орындаған. Жеткіншек күдіктіні өзінің үлкен ағасы сияқты қабылдап, оны атымен атап жүрген көрінеді. 

Тергеу нәтижесінде ер азамат бірнеше рет баланы зорлағаны үшін кінәлі деп табылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған қоса, оған балалармен жұмыс істеуге тыйым салынды. 

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде