{metadescription}
QazVac вакцинасы бес дозаға дейін құйылады – Жаңа Қаулы

QazVac вакцинасы бес дозаға дейін құйылады – Жаңа Қаулы

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Қаулысын толықтырды.

Жаңа құжатта «QazCovid-in» (қазіргі «QazVac») вакцинасының сипаттамасы жазылған.

«ҚР БМСД №28 Қаулысы мынадай мазмұндағы 58-1-тармағымен толықтырылсын: «QazCovid-in» вакцинасын шығару нысаны: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты мөлдір шыныдан жасалған құтыда. Вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайларының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады.

Вакцинасы бар көпдозалы құтыны ашу вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 (құтының көлеміне сәйкес) әлеуетті егілетін адамдар болған кезде ұсынылады». Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді», - делінген құжатта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде