{metadescription}
Коронавирус пен пневмониядан тағы 104 адам қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан тағы 104 адам қайтыс болды

Бір тәулікте 7 803 адам коронавирус жұқтырып, 275 адам ковидтік пневмонияға шалдыққан.

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 104 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Соңғы деректерге сүйенсек, бір тәулікте коронавирустан 91 адам, ковидтік пневмониядан 13 адам көз жұмды. Өлім-жітімнің дені Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында тіркеліп отыр.

Бұдан бөлек министрлік бір тәулікте 7 803 адам коронавирус жұқтырып, 275 адам ковидтік пневмонияға шалдыққанын жариялады. Қазіргі уақытта 98 931 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 28 162 пациент стационарда, 70 769 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Науқастардың ішінде 1 652 адамның жағдайы ауыр, 417 адамның жағдайы өте ауыр, 187-сі  жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде