{metadescription}
Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шықты

Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шықты

Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бүгін ресейлік Иван Верясов.

Алғашқы екі раундта Қамшыбектің басымдығы байқалып тұрды. Үшінші раундта да сол қарқынынан тайған жоқ. Осылайша жартылай финалға шықты. Қазақстандық спортшының бүгінгі қарсыласы Иван Верясов 1993 жылы дүниеге келген. Әуесқой бокста қазірге дейін 281 жекпе-жек өткізіп, оның 255-де жеңіске жеткен болатын. Әзірге әлемдік және құрлықтық чемпионаттарда жүлдегерлер қатарынан көріне алған жоқ.

Еске салсақ, биылғы Олимпиадаға ерлер құрамасынан 8 спортшы барды. Олардың арасынан Қамшыбектен өзге Сәкен Байбосынов (52 келі), Закир Сафиуллин (60 келі) жарысты жалғастыруда. Ал Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) қарсыласына есе жіберіп қойды.

Қыздарда Надежда Рябец (75 келі) алғашқы кездесуде жеңіліп қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде