{metadescription}
Аптап ыстық болады: ертеңге арналған ауа райы болжамы

Аптап ыстық болады: ертеңге арналған ауа райы болжамы

Бірқатар өңірде ыстық ауа райы сақталады, өрт қаупі жоғары.

Солтүстік мен оңтүстік-батыста жаңбыр жаууы мүмкін. Дүйсенбі, 2 тамыз күні елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Солтүстік пен оңтүстік-батыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей өңірлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады", - делінген хабарламада.

Өңірлердегі ауа райы

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді, шаңды дауыл. 

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қарағанды облысында желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман болады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Павлодар, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде аптап ыстық. 

Көптеген өңірде өрт қаупі жоғары.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада +31 градуса, жауын-шашынсыз. Түнде плюс 16-18 градус.

Алматыда көшпелі бұлт. Күндіз - 31-33 градус ыстық, түнде +17+19 градус.

Шымкентте аптап ыстық болады. Күндіз +38 градус, түнде +21 +23 градус.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде