{metadescription}
Өскеменде «5 жасар ұлым жоғалып кетті» деп жалған хабар берген әйел жазаланды

Өскеменде «5 жасар ұлым жоғалып кетті» деп жалған хабар берген әйел жазаланды

Өскемен қаласының тұрғыны полицияға 5 жасар ұлының жоғалып кеткендігі жайлы жалған хабар бергені үшін жауапқа тартылды.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан әйел адам кішкентай ұлының жоғалып кеткендігіне шағымданған.

«Өз сөзінде ол 5 жасар Мишаның Қазақстан көшесіндегі «Дөнер» дәмханасының ойын алаңында жүргенін айтты. Содан кейін әйел баласын «Электр тауарлары» дүкенінің маңында тұратын бұрынғы күйеуінің алып кетуі мүмкін екендігін алға тартты. Бірақ полиция қызметкерлеріне нақты мекен-жайды айта алмаған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сөзден бірнеше рет жаңылған азаматша араға біраз уақыт салып арыз берген кезде мас болғандығын, ұлының мүлде жоғалмағандығын жеткізді. Сол үшін тәртіп сақшылары оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы 1-бөлігімен (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) әкімшілік хаттама толтырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде