{metadescription}
Түркиядағы өрт: басылым тыйым салынған топтың қатысы бар екенін мәлімдеді

Түркиядағы өрт: басылым тыйым салынған топтың қатысы бар екенін мәлімдеді

Жексенбіде елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа Түркияда орман өртінде қаза болғандар саны 8 адамға жеткенін, 864 адам зардап шеккенін айтты.

Түркияның үкіметіне қарайтын Yeni Safak газеті елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар "От балалары" тобы елдегі ормандарды өртеу бойынша жауапкершілікті өз мойнына алғанын мәлімдеді. Газет бұл ақпарат көзі ретінде Күрдістан жұмысшы партиясына қатысты әлеуметтік желідегі жазбаларға сілтеме жасаған.

Бұған дейін елдің ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирли Түркияда соңғы күндері 107 орман өрті сөндірілгенін, Анталия мен Мугла курорттық провинцияларында бес өрт бақылауға алынбағанын мәлімдеді.

Жексенбіде республиканың денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа Түркияда орман өртінде қаза болғандардың саны 8 адамға жеткенін, 864 адам зардап шеккенін айтты.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде