{metadescription}
Қырғызстанда жоғалып кеткен қазақстандық бойжеткеннің денесі табылды

Қырғызстанда жоғалып кеткен қазақстандық бойжеткеннің денесі табылды

Қырғызстанда 15 шілдеде жоғалып кеткен қазақстандық бойжеткеннің денесі табылды.

Қырғызстандық портал мәліметінше, қазақстандық қыз  Қырғызстандағы Алакөл жайлауындағы Қаракөл өзенінен табылған. Оқиға орнына 6 құтқарушы және полиция қызметкерлері барып, денені судан алып шыққан және оның жоғалып кеткендіктен іздеуде болған 1992 жылғы Қазақстан азаматы екенін анықтаған.

Айта кетейік, 15 шілде күні Қазақстан және Ресейден барған 5 турист Ақ-Суу ауданындағы Алакөл жайлауында демалған көрінеді. Туристердің барлығы бір отбасының мүшелері болған. Марқұмның әкесінің сөзінше, 29 жастағы бойжеткен Қаракөл өзенінің маңында топтан бөлініп, артынша жоғалып кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде