{metadescription}
Қытай қазағы Олимпиада жүлдегері атанды

Қытай қазағы Олимпиада жүлдегері атанды

Шыңжаңдық қандасымыз Уәлихан Серікұлы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында грек-рим күресінен қола жүлдегер атанды.

Уәлихан 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. 1/8 финалда ол германиялық Этьен Кинсингерді жықты. Ширек финалда жапон балуаны Кеничиро Фумитаға есе жіберіп, жұбату белдесуіне шығуға мүмкіндік алды. Бұл кездесуде Алжир өкілі Абелькарим Фергатты жеңді.

Бүгін қандасымыз қола жүлде үшін украиналық Ленур Темировпен күш сынасып, қола жүлдегер атанды. Еске салайық, бұл салмақта Қазақстан атынан Мейрамбек Айнағұлов өнер көрсеткен болатын. Алайда ол бірінші белдесуінде-ақ қырғызстандық балуан Жоламан Шаршенбековке есе жіберді.

У.Серікұлы 1993 жылы Шыңжаңның Дөрбілжін ауданында дүниеге келген. Қытай құрамасының сапында өнер көрсетеді. Қытай чемпионатының 4 дүркін жүлдегері, Мажарстан астанасы Будапеште өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатында 3-орын иеленген. Уәлиханның бапкері Әлнұр Төргеұлы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Қытай атынан 2004 жылғы Афины Олимпиадасына қатысқан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде