{metadescription}
Қазақстанға вакцинаның 8 миллион дозасы жеткізіледі

Қазақстанға вакцинаның 8 миллион дозасы жеткізіледі

Қазақстан сегіз миллионнан астам дозаны қосымша жеткізуге келісім-шарт жасасты.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Қазақстанда вакциналауға жататын халықтың 40%-ке жуығы екпе алды. Елге тағы 8 миллион доза вакцина жеткізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

"Министрлік 4 миллион адамға 8 миллион доза вакцинаны қосымша жеткізуге келісімшарттар бекітті. Олар кестеге сай жеткізіледі. Осыған байланысты республикада вакцина жеткілікті көлемде", - деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, қазіргі кезде 9,4 миллион доза пайдаланылған. Оның ішінде 1-ші компонент 5 480 094 адамға егілді, бұл вакциналауға жататын халықтың 55,4%-ін құрайды. Екінші компонентті 3 941 941 адам немесе вакциналануға тиіс тұрғындардың 39,8%-і алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.