{metadescription}
Талдықорғанда асыл тұқымды итті ұрлаған сәт видеоға түсіп қалды

Талдықорғанда асыл тұқымды итті ұрлаған сәт видеоға түсіп қалды

Тәртіп сақшылары бірден іздестіру шараларын бастаған.

Көктал ықшам ауданының 44 жастағы тұрғыны Талдықорған қаласының полициясына белгісіз біреулер үйінің ауласынан тазы итін ұрлап кеткені туралы арызбен жүгінген. Талдықорған қалалық әкімшілік бөлімінің басшысы Асқар Нұрсапа ит ұрланған сәтте түсірілген бейнежазбаны негізге ала отырып, күдіктіні іздестіру ұйымдастырылғанын айтты. Атқарылған жұмыстар барысында ұрлықшы Қарабұлақ ауылының 21 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қылмыскер ұсталып, өз кінәсін толық мойындады.

ҚР ҚК 188 бап (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ит иесіне қайтарылды. Жекеменшік камералардың бірінен түсірілген бейнежазбада ер адамның асыл тұқымды итті көлікке тиеп, белгісіз бағытта алып кеткені көрінеді. Полиция күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.