{metadescription}
Атырауда жоғалған малын іздеген жылқышыны өлтіргендер сотталды

Атырауда жоғалған малын іздеген жылқышыны өлтіргендер сотталды

Жақында Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен адам өлтіру бабымен Т. есімді, ал қылмысты жасырып қалу бабымен М., Қ. есімді азаматтар кінәлі деп танылды.

Сот барысында төмендегі мән-жайлар анықталған.

"2020 жылы 6 қыркүйекте сағат 19:00 шамасында жәбірленуші Н. сотталушы М.-ның иелігіндегі мал шаруашылығына мотоциклмен жоғалып кеткен құлындарын іздеп келген. Ол аулада тұрған екі құлынды көріп, өзінікі екенін айтқан. Сотталушы Т. оларды беруден бас тартқан. Содан жәбірленуші кетіп қалып, көп ұзамай бір үйір жылқысын алып келген кезде қора маңында жүрген басқа жылқылар қаша жөнелген. Сол кезде Т. сол жылқыларды қайырып келуге сотталушы К.-ні автокөлігімен жіберген. Жәбірленуші Н. екі құлын қамалып тұрған ауланы ашуға әрекеттенген. Т. оның әрекетіне ашуланып, оны итеріп жіберіп, төбелескен. Т. ашуланып, жәбірленушіні ұрып-соғып, аңшы мылтығымен бір рет атқан. Т. бұл оғы жәбірленушіге тимей қалғанын байқап, оған жақындап келіп, жүрек тұсынан қайта атқан. Н. сол жерде бірден қаза болған", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Кейін анықталғандай, сотталушы Т. қос ауызды мылтығын тығып тастап, атылған гильзаларды және жәбірленушінің ұялы телефонын өртеп жіберген. Көп ұзамай оқиға орнына келген Қ.-ға сотталушы Т. жәбірленушіні өлтіріп тастағанын айтқан. Екеуі мүрдені көлікке салып, оны жасыру үшін сол маңайдағы терең құдыққа тастап жіберген, деп жазады stan.kz. Сотталушы Қ. қылмыс ізін, аса ауыр қылмысты жасырып қалған. Содан кейін сотталушы Қ. жолшыбай әкесі сотталушы М.-ны кездестіріп, оған сотталушы Т. жәбірленушіні өлтіріп тастағанын айтқан. Сотталушы М. жәбірленуші Н.-ның мотокөлігін өзінің басқаруындағы "Камаз-5511" автокөлігіне тиеп, оқиға орнынан басқа жерге апарып тастаған. Сотталушылардың қылмысының салдарынан жәбірленушінің отбасы Н.-ның мүрдесін 9 күн бойы таба алмаған

"Басты сот талқылауында сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың жауаптарымен, мүрдені табу хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен, бейнежазбалармен дәлелін тапты. Сот Т.-ның бұрын адам өлтіргені үшін сотталып, сол үкіммен тағайындалған 17 жыл мерзімін толық өтелмегенін ескеріп, оған түпкілікті 15 жыл 10 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындада. Алғашқы 3 жылын түрмеде өтеуді белгіледі. Сотталушы М.-ның жазасын жеңілдететін, ауырлататын мән-жайларды анықтамай М.-ға 5 жыл, Қ.-ға 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.