{metadescription}
Су көлігімен серуендеуге тыйым салынды: Көліктегі бас санитар дәрігердің қаулысы

Су көлігімен серуендеуге тыйым салынды: Көліктегі бас санитар дәрігердің қаулысы

ҚР Көліктегі бас санитар дәрігерінің су көліктерімен серуендеу шараларын шектейтін қаулысы жарияланды.

Құжат бойынша су көлігін ұсынатын нысандар Ashyq жобасына қатыспайтын болса, катер, кеме, теплоход, паром сияқты көліктерді көлдерде, су қоймаларында ойын-сауық және серуендік іс-шараларға пайдалануға тыйым салынды.

Ал тәуекелдің шекті деңгейі саналатын - «қою қызыл» аймақтағы өңірлерде аталмыш көліктерді демалыс күндері Ashyq жобасына қатысушылар да пайдалана алмайды. Қаулыда серуендеу іс-шараларына пайдаланылатын су көлігінің иелеріне карантиндік шектеуге түспеу үшін Ashyq жобасына ену қажеттігі айтылған.

«Су көлігі иелеріне ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық іс-шаралар саласында пайдаланылатын су көлігін пайдалануға тыйым салу бойынша шектеу сипатындағы қабылданған шаралар туралы түсіндіре отырып, су көлігі объектілерінде Ashyq жобасын енгізу және карантиндік шаралардың сақталуын бақылау жүргізілсін», - деп жазылған құжатта.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.