{metadescription}
Тоқаев судьялар арасында ауыс-түйіс жасады

Тоқаев судьялар арасында ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 30 шілдедегі "Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқалары төрағаларын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы" Жарлыққа қол қойды.

Төраға лауазымына келесі адамдар тағайындалды:

  • Солтүстік Қазақстан облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Ербар Қалиев Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
  • Түркістан облыстық сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасына Нұрлан Биболов Шымкент қаласы сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
  • Ақмола облысы бойынша: Әлібек Оразов Біржан ауданының соты болды;
  • Алматы облысы бойынша: Кербұлақ аудандық сотына Марта Жүкенов осы облыстың Ескелді аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша: Жарма аудандық сотына Руслан Омаров осы облыстың Күршім ауданының No2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;
  • Қостанай облысы бойынша: Рудный қалалық соты - Ерлан Мырзағожинов;
  • Алматы қаласы бойынша: Жетісу ауданының No2 аудандық соты - Сержан Байболов.

Сондай-ақ жаңа судьялар тағайындалды.

Қызметінен босатылды:

  • Алматы қаласы бойынша: өз өтініші бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Мұхамеджан Ерзақов судьяның өкілеттігі тоқтатыла отырып;
  • басқа жұмысқа ауысуына байланысты мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Айжан Смайыл;
  • Нұр-Сұлтан қаласы бойынша: өз өтініші бойынша Алматы аудандық сотының судьясы Айнаш Бозжігітова;
  • басқа жұмысқа ауысуына байланысты Есіл ауданының No2 аудандық сотының судьясы Азизбек Мұсабеков .

Толық тізімге мына сілтеме арқылы өте аласыз.

Президент жарлыққа 30 шілдеде қол қойған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.