{metadescription}
Жаңа қаулы: Ақтөбеде базарлардың жұмыс уақыты қысқарды

Жаңа қаулы: Ақтөбеде базарлардың жұмыс уақыты қысқарды

Ақтөбеде карантин шектеуі күшейтіліп, базарлардың жұмыс кестесі қысқарды. Сонымен бірге Ashyq жобасына қатысатын бірнеше кәсіпкерлік субьектісінің жұмысы уақыты шектелді.

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында карантин шектеуі тағы күшейтілді.

Банкет залдары (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету), облысаралық және қалалық тұрақты емес тасымалдардың қозғалысына, марафондарға (ашық ауада) тыйым салынады.

Бұл нысандар «Ashyq» жобасына қатысса да, жұмыс істей алмайды.

Сонымен бірге ашық базарлар (азық-түлік, мал, азық-түлік емес), жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес) жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Ал Ashyq жобасын енгізгендер 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

«Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелеріне сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. «Ashyq» жобасына сәйкес ХҚКО-лар сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істей алады. Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс күндері сағат 09:0 0-ден 18.00-ге дейін, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі», - деп жазылған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева қол қойған қаулыда.

Айта кетейік, сенбі және жексенбі күндері ашық базарлар (азық-түлік, мал, азық-түлік емес), жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес), банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері, мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, асхана типті қоғамдық тамақтану объектілері, СОО, сауда үйлері, сауда желілері, монша, сауна, СПА-орталықтар, бассейн, жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары), спорттық-сауықтыру орталықтарыжәнефитнес клубы, соның ішінде йога орталықтары жұмыс істемейді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.