{metadescription}
Атырауда лифт құлап, бір адам мерт болды

Атырауда лифт құлап, бір адам мерт болды

Бүгін, 4 тамызда «Residence Ardager» ТК 15-ші қабаттан лифт шахтаға құлап кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, «Ардагер» тұрғын үй кешенінде лифт кабинасы 15-қабаттан құлаған.

«Сол кезде «Лифт Инвест» ЖШС-ның екі қызметкері лифтіде жөндеу жүргізіп жатқаны анықталды. Оның бірі – 40 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды. Ал, екіншісі – 1987 жылғы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Екеуі де – Алматы облысының тұрғындары», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында төтеншеліктердің 3 қызметкері мен 1 техникасы, полиция департаментінің 3 қызметкері, 1 техникасы жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде