{metadescription}
Eкі пойыз соқтығысып, 2 адам қаза болды

Eкі пойыз соқтығысып, 2 адам қаза болды

Чехияның батысында, Домажлице маңындағы Милавце елді мекенінде екі жолаушы пойызы соқтығысты.

Полиция ондаған адамның жарақаттанып, екі адамның мерт болғанын растады. Чехия көлік министрлігінің басшысы Карел Гавличектің айтуынша, пойыз машинисінің қызыл түстен өтіп кеткені соқтығысуға себеп болған.

Кей мәлімет бойынша 38 жолаушы жарақат алған. Оқиға орнында жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Үш медициналық тікұшақ, сондай-ақ полиция әуе кемесі тартылған.

Ол жерде Мюнхен - Прага экспресі (қозғалыс ережелерін бұзған) және Пльзень қаласынан шыққан жергілікті пойыз соқтығысқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.