{metadescription}
Ақтөбе облысында жасөспірім 16 жастағы балаға пышақ салды

Ақтөбе облысында жасөспірім 16 жастағы балаға пышақ салды

Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды.

3 тамыз күні сағат 01:30-да Ембі қаласы ауруханасының қабылдау бөліміне белгісіз адамдар 16 жастағы кәмелетке толмаған баланы пышақ жарақатымен жеткізді. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында 16 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. Екі кәмелетке толмаған баланың арасында дау-дамай туындап, соның салдарынан біреуі екіншісіне пышақ жарақатын салғаны белгілі болды.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі (Қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция мен білім беру органдары болған оқиғаға себеп болған жағдайларды анықтау мақсатында тексеріс жүргізеді.

«Кәмелетке толмаған балалардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға болады, егер алдын алу жұмыстарына отбасы мен жақын адамдары тартылса», – дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде