{metadescription}
Онколог асқазан қатерлі ісігінің алғашқы басты белгілерін атады

Онколог асқазан қатерлі ісігінің алғашқы басты белгілерін атады

И.И.Мечников атындағы Солтүстік-Батыс мемлекеттік медицина университетінің В.А.Оппель атындағы ауруханалық хирургия бөлімінің ассистенті, хирург Рустем Топузов «Доктор Питер» порталына берген сұхбатында асқазан қатерлі ісігінің қалай пайда болатынын айтты.

Маманның айтуынша, тамақтанғаннан кейін жүректің айнуы мен құсуы онымен қоса өңештің төменгі бөлігінің ауырсынуы дерттің алғашқы симптомы.

«Асқазан қатерлі ісігі дами бастаған кезде адамның дәмге деген талғамы өзгеруі мүмкін», - деді Топузов.

Онколог егерде асқазаннан қан кететін болса, пациент жағдайының ауыр екенін білдіретінін айтты.

«Егер адам еш себепсіз салмақ тастай бастаса, мұндай жағдайда да біз ісіктің дамып жатқанын айта аламыз. Ол көбіне ісіктің бастапқы деңгейі болады», - дейді дәрігер.

Дереккөз: baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде