{metadescription}
Петропавлда 4 ай бұрын жоғалған қыздың денесі табылды

Петропавлда 4 ай бұрын жоғалған қыздың денесі табылды

Солтүстік Қазақстан облысында сәуір айында жоғалған 22 жастағы бойжеткен өлі табылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 тамыз күні сағат 19.00 шамасында «102» пультіне өлген әйел адамның денесі табылғандығы жөнінде хабарлама түседі. Мүрде Петропавлдағы «Речпорт» ауданында орналасқан тазарту құрылыстарынан табылған.

Оқиға орнына бірден жедел-тергеу қызметі шығып, тиісті шараларды атқарды. Табылған мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы бір айдан кейін белгілі болмақ. Алдын ала болжам бойынша, бұл - сәуір айында жоғалған бойжеткеннің мәйіті. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

1998 жылы туған Елизавета Матюхина Петропавл қаласындағы Уәлиханов көшесінде орналасқан үйден 3 сәуір күні түскі 12 шамасында шығып, жоғалып кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде