{metadescription}
Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай мысырлық қарсыласын жеңді

Токио-2020: Мөлдір Жаңбырбай мысырлық қарсыласын жеңді

Бүгін каратэден Қазақстан командасы Токио Олимпиадасында сынға түсіп жатыр. 

Әйелдер арасында 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Мөлдір Жаңбырбай В тобына түсті. Ол бірінші кездесуде египеттік Радва Сайедті ұтты, есеп – 7:2. 

Қарсыластары - украиналық Анжелика Терлюга, жапониялық Михо Мияхара, австриялық Беттина Планк және мысырлық Радван Сайед.

Мөлдір Жаңбырбай 1997 жылдың 18 мамырында дүниеге келген. Ол каратэ-додан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, көпдүркін ҚР чемпионаттарының, спартакиадалардың, халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері.

Қазақстандық спортшы түрлі жас деңгейінде 3 дүркін Азия және 3 дүркін әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.